Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар

Дата: 30.07.2024 Рубрика: Знайки
67
0
Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар
 
Балалар, өмірде кездейсоқ ашылатын ғылыми жаңалықтар өте көп. Оның бәрі де өмірдің өзінен алынады. Олар жайында сіздерге әңгімелеп, таныстырсақ дейміз.
Қысқа толқынды пеш
Сенесіз бе, қысқа толқынды пеш кездейсоқ ойлап табылған. Инженер-өнертапқыш Перси Спенсердің оны қалай ойлап тапқаны жайлы небір аңыздар бар. Бір дереккөздер, Спенсер жұмыс істеп тұрған магнетронның қасынан өтіп бара жатып, қалтасындағы кәмпиттің еруін байқаған деседі. Тағы бірі, Спенсер магнетронда бутербродты ысытқан дейді. Қалай болғанмен де, оған дейін қысқа толқынды сәулеленуді тамақ ысытуға қолдану ешкімің ойына да кірмеген. 1940-жылдары Raytheon компаниясында жұмыс істеп жүрген кезде, Спансер бұрынғы еліне сіңірген еңбектерінен өзге, атын бүкіл әлемге паш екен өнертабысын жасап шықты. Қысқа толқынды пешке патент 1946-жылы берілді, ал пештің өзі «Radarange» деген атпен 1947-жылы жасалды. Ол биіктігі адам бойымен шамалас, салмағы 300 келі тартатын, қазіргі біз қолданып жүрген қысқа толқынды пештерге ұқсамайтын үлкен пеш болатын. Бағасы да өте қымбат еді  - шамамен 3 мың доллар. Тек 1960-жылдан бастап қана бағасы қолжетімді (500 доллар шамасында) және салыстырмалы түрде өлшемі де кіші тұрмыстық қысқа толқынды пештерді шығару жолға қойылды. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!