Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қарақаттың мақсаты биік

Дата: 30.07.2024 Рубрика: Знайки
32
0
Қарақаттың мақсаты биік
Жасөспірімнің таланты кішкентайынан-ақ байқалып жатады. Осындай кезде талапты жастың ата-анасы мен ұстаздары қабілет-қарымын шыңдап, баптай білсе, талай биік белестерді бағындыратыны анық. Өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше Қарақат Қожахмет Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.
 
 Ол бірінші сыныптан бастап өте жақсыға оқып, білім жарысында үнемі алда келеді. Орыс тілі пәнінен өткен мектепшілік пән олимпиадасынан 1 орын алып, одан әрі қалалық олимпиадада 2 орынды бағындырды. 
Қарақат өнерді де жанына серік еткен өрен. «Өлең сөздің патшасы» 3 тілдегі мәнерлеп оқу сайысына қатысып, қатарынан оза шауып, екінші орынды иеленген болатын. «Абайдың қара сөзі» көркем жазу сайысында да 1 орын алып, қуантты. 
Өнерлі қыз сурет салуға да шебер. Ақ қағаз бетіне түсірген суреттері көпшіліктің көңілінен шығып, ойға жетелейді. «Жыл мезгілдері» сурет байқауында жүлделі орындарды алып жүр.
Қарақаттың бойында әншілік те бар. Анасы, нағашы жұрты шетінен өнерлі. Осы талап анасының ақ сүтімен бойына дарыған сияқты. «Әнші балапан» байқауында тамылжыта ән салып, бірінші орынды алып, баршаны қуантқан болатын. Онымен қоса «Бала дауысы» байқауында Бас жүлде иегері атанды. 
– Қызымыз кішкентай кезінен-ақ пысық болды. Сахнаға да, білімге де бейімдеу қиын болмады. Ол әртүрлі деңгейдегі байқауларға дайындалып, жүлделі орын алуы үшін барын салады. Бастысы – мақсаты асқақ, талабы биік. Арманына жету үшін талмай еңбек етіп, талпынып жүр, – дейді Қарақаттың анасы Гүлсая Тәжина. 
Талапты өрен білім жарысында да үнемі жан-жақты дамып, алда жүргенді қалайды. «Атамекен» ойынында екінші орын алды. «Бурабай ӘзілFest» КТК стиліндегі жаз театр фарсы ұжымына белсенді қатысқан үшін дипломмен марапатталған еді.  
Бұл аз дегендей Қарақаттың бишілік өнері тіптен тамсандырады. «CREATIV FEST» республикалық би байқауында лауреат, «TOBYL ART» халықаралық онлайн би байқауында екінші дәрежелі дмплом, «Таланты Казахстана», «Creative Fest, Новые танцы», «DANCE IMPULSE» және «Талант» би байқауында гран при иеленді. Түрлі  ойындарға, сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, алған сертификаттары мен Алғыс хаттары көп. Оның бәрі де еңбегінің жемісі. 
– «Дебют» би тобында билеймін. Өзіме бар уақытымды тиімді қолданған ұнайды. Өзімді дамытып, заман көшінен қалғым келмейді. Онымен қоса бірнеше тілді де жетік меңгергім келеді. Ол үшін «English luxury» ағылшын тілі курстарына барамын. «Бес асық» ойынын ойнаймын, жарыстарға қатысамын. Екінші дәрежелі шахматшымын. Қалалық шахмат сайысына да қатысып, орындар алып жүрмін. Кітап оқып, тоқыма тоқып, дәмді тамақтар пісіргенді ұнатамын, – дейді Қарақат Бауыржанқызы. 
Қарақаттың өнердегі жетістігімен ағайын-туысы ғана емес, мектебі де, достары да мақтанады. Бұл – жас өнерпаздың еңбегі. Алдына мұрат еткен арманынан алғашқы баспалдағы. Биікке бастайтын жол. Ал біздер тек тілекшіміз. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!