Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас зерттеуші Дамир

Дата: 09.07.2024 Рубрика: Знайки
303
0
Жас зерттеуші Дамир
11 «А» сынып оқушысы Дамир Сарбасов «Science. Technology. Algorithmization. Programming» ғылыми жұмыстар байқауында екі бірдей жобасын қорғады. Бірінші ғылыми жұмысында Дамир жүйенің масса центрін төмендету арқылы арбалардың бүйірлік тұрақтылығын жақсарту жолдарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша ол ІІ орынды місе тұтты. Екінші жұмысы – «NIS OS операциялық жүйесі» жобасы. Жас ғалым оқу процесінде де, білім беру процесінің барлық субъектілері баптау және орнату процесінде де қолдануға болатын операциялық жүйенің дистрибутиві түрінде ұсынылған зерттеу нәтижелері үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дамир – оқу озаты ғана емес, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Бейіндік пәндер ретінде өзінің жанына жақын физика мен информатика пәндерін таңдап отыр. Ол да Таир мен Салтанат сияқты, өткен жылдан физика пәнінің мұғалімі Кафизова Гүлмира Мұратовнаның жетекшілігімен «Арбаларға арналған инновациялық сұйық дөңгелектер: жүйе тұрақтылығын арттыру» тақырыбындағы ғылыми жұмыспен айналыса бастады. Жас зерттеуші мүмкіндігі шектеулі адамдардың арбамен қозғылысы кезінде пайда болатын қауіп-қатерлерді физикалық тұрғыдан азайтуды көздейді.
Жұмыстың теориялық бөлімінде Дамир дененің массалар центрін анықтаудың аналитикалық, геометриялық және эксперименталдық әдістерін зерттеді. Эксперименталдық бөлімде қарапайым дөңгелекпен және ұсынылып отырған дөңгелекпен жабдықталған арбашалардың бүйірлік тепе-теңдігі зерттелді. Аталған жоба «Зерттеудегі бір қадам – дамудағы жүз қадам» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында 2-орынды, сонымен қатар Республикалық физика-математика мектебі ұйымдастырған халықаралық ғылыми жұмыстар байқауының «STEM» секциясында да жүлделі 2-орынды әкелді. Оқушы өзінің моделін статика тұрғысынан ғана зерттеп қоймай, келер жылы оның басқа физикалық қасиеттерін зерттеп, дамытуды көздеп отыр.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!