Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Болашақ инженер Салтанат

Дата: 09.07.2024 Рубрика: Знайки
352
0
Болашақ инженер Салтанат
«Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында жұмысын қорғап, жүлдегер атанған шәкірттердің бірі – мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Салтанат Тлеген. Ол «Электрөткізгіштік – сүт өнімдерінің сапасының индикаторы ретінде» тақырыбындағы ғылыми зерттеуінде сүт өнімдерінің электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сүттің сапасын анықтауды ұсынды. Осылайша, «STEM» секциясында жарамсыз сүтті қалай анықтауға болатынын көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ол өткен 2023 жылдың басынан физика пәнінен «Электрөткізгіштік – сүт өнімдерінің сапасының индикаторы ретінде» атты ғылыми жұмысымен айналысып келеді. Сүттің тек химиялық қасиеттерін ғана зерттеп қоймай, физикалық қасиеті – электр өткізгішті өлшеу арқылы сүт өнімдерінің сапасын анықтау мақсатын көздейді. Осылайша, өндірісте тұтынуға жарамды және жарамсыз сүт өнімдерін анықтап, бірден бөлуге мүмкіндік туындайды.
Биылғы жеткен жетістіктерінің қатарында сәуірдің 12-сі күні өткізілген «Зерттеудегі бір қадам – дамудағы жүз қадам» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында жүлделі 2-орынды иеленгенін ауыз толтырып айтуға болады. Салтанаттың да ғылыми жетекшісі – білім ордасының физика пәнінің мұғалімі Кафизова Гүлмира Мұратовна. Тәжірибелі педагог, өз кезегінде, шәкірттеріне бар білгенін үйретіп, бағыт-бағдар беруден жалыққан емес. Бейіндік пән ретінде физика және информатика пәндерін таңдап отырған Салтанат, болашағын инженер мамандығымен байланыстырып отыр.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!