Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тіл жанашырымен кездесу

Дата: 04.06.2024 Рубрика: Знайки
44
0
Тіл жанашырымен кездесу
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлары» жобасы аясында белгілі журналист, ақын, облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің басшысы, ақын Марғұлан Оспановпен кездесу өтті.  
Оқушылармен кездесу барысында Марғұлан Оспанов Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Өзінің ақындық жолын әңгімелей отырып, оқушыларды кітап оқуға және сөз шеберліктерін ұштауға шақырды.  
«Зияткерлік мектептің оқушыларымен кездесуде ойымызды ақтарып, білгенімізді дәріс қылдық. Қазақтың домбырашы жігіттері қаз-қатар тұра қалып, күй тартып мені ерекше қарсы алды. Оқушылардың қызығушылығы мен қойған сұрақтары мені қатты толғандырды. Журналистика саласындағы, қызмет бабындағы тіпті, бойымдағы ақындық қырларыма дейін  сараптап, сұрыптап ой бөлісіп айтып отырғанына риза болдым», – деді М. Оспанов. 
Жергілікті ақынмен кездесуде оқушылардың да алған әсері ерекше болды. 
«Бүгінгі кездесуден алған әсер мен үшін ерекше. Келген қонағымыз өзі жазушы бола тұрып, домбыраның құлағында ойнайтыны тәнті етті. Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсарин туралы бұрын-соңды білмеген тың мәліметтеріне қанық болдық», – дейді 11 сынып оқушысы Зерде Мұратова.
Сондай-ақ, Марғұлан Бақытбекұлы өз шығармашылық қоржынынан оқушыларға қонақ кәде ретінде тарту жасады.    
«Ақынның Ыбырайдың өмірбаянын, шығармашылығын, ол кісінің жүріп өткен жолдарын қаншалықты білетініне көз жеткіздік. Көптен бері көкейде жүрген жауабы жоқ сұрақтарға жауап алдық», –  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Қабденова. 
 «Замандастар жырлары» жобасы іс-шарасын ұйымдастыруға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері белсене атсалысты.    
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!