Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапты қалай таңдаймыз?

Дата: 26.03.2024 Рубрика: Знайки
117
0
Кітапты қалай таңдаймыз?
         Қолыңызға кітап алып, үнемі бір-екі беттен болса да оқып тұруды әдетке айналдырған жөн. Кітап оқуды неден бастаймыз?
Кітаптың атын оқып, мұқабасының екі жағын да зерттеп шығыңыз. Бұл кеңес өте қарапайым болғанымен, көбіне оқырман дәл осыны елемей, мазмұнына өтіп кетіп жатады. Автор көбіне кітаптың атына, мұқабасының безендірілуіне асқан мән беріп, кейде тіпті кітаптың басты ойын сыйдырып қояды. Егер де осы жолдауды ұғынатын болсаңыз, мәтіннің бірінші жолына дейін көп нәрсе түсінікті болары сөзсіз.
Алғашқы беттеріне ерекше мән беріңіз. Кітаптың мазмұны, алғы сөзі, кіріспесі – бүкіл шығарма туралы ақпарат беретін ерекше бөлімдері.
Тарауларының тақырыбын және соңғы жолдарын қарап шығыңыз. Бұл, әсіресе, іскерлік және ғылыми әдебиеттерге арналған тәсіл. Осы арқылы бірден әдебиеттің соңына өтіп, қажет болған тұжырымдармен танысуға болады.
Кітап туралы пікірлермен танысыңыз. Желі арқылы кітап таңдап отырған болсаңыз, басқа оқырмандардың пікірлерімен танысу қиындық тудырмайды. Алайда бұл пікірлерге күмәнмен қарау керек, себебі кейде кітаптың сатылымы үшін асыра мақтап немесе керісінше төмендетіп жазуы мүмкін. Дегенмен, шынайы адамдардың пікірлері бар кітап сайттарын табуға болады.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!