Білім мен ғылым егіз
Дата: 19.03.2024 Рубрика: Знайки
0
127
0
Қостанайдағы NIS оқушылары Жансерік Қалиола – 11 сынып оқушысы. Ол «Фосфогипс мелиорантының Қостанай облысының егіншілігін дамытудағы рөлі қандай?» тақырыбына ғылыми жұмыс бастаған. Олосайыста 2 орынға ие болды.
«География, тарих және экономика пәндерінен олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Дебат сайысының республикалық, облыстық жеңімпаздары. Мектептің қоғамдық жұмыстарының белсенді оқушысы», – дейді ғылыми жетекшісі Ерболат Сайпилов.
10-сынып оқушысы Таир Мырзағалиевтың «Ортаның кедергі күшінің дененің жылдамдығы мен пішініне тәуелділігін зерттеу» тақырыбын екі жыл бойы зерттеп келді және осы жұмысы бойынша 3 орынға ие болды.
«Таир көптеген техникалық әдебиеттерді саралап, мектеп бағдарламасынан тыс аэродинамика бөлімін зерттеді. Практикалық бөлімде оқушы сезімтал таразы көмегімен ортаның кедергі күшінің мәнін эксперименталды анықтады, анемометр көмегімен ауа ағынының жылдамдығын өлшеген. Қорытынды бөлімінде оқушы автомобиль корпусына әрекет ететін ортаның кедергі күшін азайту жолдарын ұсынады», – дейді ғылыми жетекшісі Гүлмира Кафизова.
Дияр Қарлыбай мен Дана Оспанованың ғылыми жұмысы Қостанай облысының ең маңызды су көзі болып табылатын Тобыл өзені су сапасының қазіргі таңдағы жағдайын зерттеу, пайда болған және болашақта пайда болатын мәселерді анықтау болатын. Осы жұмыспен 3 орынға ие болды.
«Тобыл өзенінен алынған судың сапасын мектеп зертханасында зерттеді және «Казгидромет» гидрометеорологиялық қызмет зертханасына барып, мамандармен сұхбат жүргізді, су сапасын заманауи құралдардың көмегімен зерттеді. Сондай-ақ Дияр мен Дана жыл сайын өткізілетін еріктілерден құралған Тобыл өзені жағалауын таза ұстау мақсатында өткізілетін экоакцияның қатысушылары болып табылады», – деп бөлісті ғылыми жетекшісі Мұратхан Мырзаханов.

Комментарии