Әліппенің ар жағы – білім бағы
Дата: 13.02.2024 Рубрика: Знайки
0
219
0
Қостанай ауданы Айсары жалпы білім беретін мектебінде тағылымы терең, мазмұнды да қызықты кештер жиі өтіп тұрады.
Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Көшек Мейрамкүл Базарқызы үнемі кітаптар арқылы насихат жүргізіп, ақын-жазушылар, мереке, атаулы күндер жайында кітаптар көрмесін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. М.Базарқызы оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, отаншылдығын, адамгершілігін, халқымыздың қилы тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұраларын түсіне білуіне басты назар аударады. Ақын-жазушылардың туған күніне орай тақырыптық сөре ұйымдастырып, оқушыларға ақын жайлы толық мағлұмат беріп отырады. Оқушылар үзіліс уақытында кітапханаға ағыл-тегіл келіп оқуға кітаптар алғанын көргенде сүйсіне қарайсың.
Жақында мектебімізде Әліппені аяқтап, әріп танып, өз беттерімен сөздер жаза алатынбірінші сынып оқушыларын дәстүрлі кітапханаға оқырман ретінде қабылдау кеші өткізілді. Кешті мектеп кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Базарқызы мен ауылдық кітапхана меңгерушісі Айгүл Әбілева ұйымдастырды. Мақсаты – балаларды кітапханамен таныстыру, оқырманның міндеттері жөнінде түсінік беру. Кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қызығушылығын ояту. Мектеп басшысы Рағат Қытайбекұлы бүлдіршін оқырмандарды құттықтап, тілегін білдірді. Оқушыларды білім жолына бастау алуларымен құттықтап, өздерінің алғашқы ұстаздары Арыстанбек Тазагүл мен Таева Жанай мен ата-аналар еңбегінің арқасында әріп танып, сан санап, білімдерін толықтырып жатқандарын айтты.
Сонымен қатар кітапханада балаларға арналған кітаптар мен «Ертегілер әлемі» атты ертегі кейіпкерлері жөнінде мағлұматтар берілді. Оқушыларға кітапхананың кішкентай оқырмандары ретінде жеке-жеке әр бүлдіршінге оқырман формуляры толтырылды. Кеш соңында оқушыларға кітап оқуда өте пайдалы нәрсе, кітапта бағдарлауға көмектесетін, кітапқа ұқыпты қарауға ықпал ететін тамаша сыйлық Бетбелгі мен оқырман куәлігі табысталды.
Д. Берсүгірова,
Қостанай ауданы, Айсары жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Комментарии