Жеңіспен оралды
Дата: 05.12.2023 Рубрика: Знайки
0
107
0
Ақтау қаласында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы X республикалық «Ақберен» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Дарындылар додасына еліміздің барлық өңірлерінен 132 өнерпаз қатысты.
Конкурс алты номинация бойынша өткізілді: «Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркем сөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы» және «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы.
Байқаудың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 12 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 19 оқушыға арнайы номинациялық диплом мен арнайы грамота табысталды.Ауқымды шараның жеңімпазары мен жүлдегерлерін ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай құттықтады.
«Ақындар айтысы» номинациясында Қостанай облысының атынан Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Рагат Нұрислам қатысты. Нұрислам республикалық байқауда І жеңіп, естелік сыйлыққа ие болды.
«Ақындар мүшәйрасы» Қостанай облысының намысын Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Амиров Арман қорғап, І орынға және естелік сыйлыққа ие болды. Командалық есепте Қостанай облысы 3 орынды иеленді.
Арлан Асқар,
оқушы.

Комментарии