Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ел ертеңі - көшбасшылар»

Дата: 05.12.2023 Рубрика: Знайки
70
0
«Ел ертеңі - көшбасшылар»
            Арқалықта қалалық мектеп оқушыларының форумы өткізілді.
Форумға алдыңғы аға буын өкілдерінен Қостанай облысы, ішкі істер академиясының маманы, философия ғылымдарының кандидаты, Арқалық қаласындағы Жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы, «Жастар Азаматтық-бастамалар орталығы» ҚБ төрағасы, қалалық дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері, жас мобилограф мамандар шақыртылды. Қонақтар қатысушы жас көшбасшыларға өздерінің дәрістерін беріп, секциялық отырыстарда өз салаларында атқарған еңбектері мен тәжірибелік тұрғыдан шеберлік сабақтарын берді. Қонақтар өскелең ұрпақ қатарынан оза шауып, көшбасшы болуға ұмтылып жүрген жандар «Көшбасшы» бойында болуы қажет принциптерді ескеріп, өз бойында қалыптастыра білуі қажеттігін айта білді.
            Форум барысында жас көшбасшылармен тәжірибелік алаңдарда жұмыстар, өзара пікір алмасу жұмыстары жүргізілді. Форумның қорытынды бөлімінде мектептегі жас көшбасшылардың арасында өткізілген жобалар мен байқаулардың қорытындысы шығарылып, үздіктер қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қатысушылар назарына ұсынылып, көшбасшылардың әнұранын орындауымен аяқталды.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!