Жоба жеңімпаздары
Дата: 28.11.2023 Рубрика: Знайки
0
164
0
Елорда төрінде Әл-фараби атындағы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы шығарылды.
Бұл жобаға жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өткізілді. Вокалистер, домбыра мен қобызда орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша іріктелді. Ал өлеңді мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациясы аясында бақ сынады.
«Мың бала» жобасы аясында барлық аймақтарда жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өтті. Биыл жобаға 320 мыңнан аса бала қатысты. Бір айта кетерлігі «Мың бала» жобасы 2015 жылдан бастау алған болатын. Бүгінде «мың бала» түлектері әр жерде жемісті еңбе етуде. «Мың бала» жобасының қорытынды кезеңінде вокал, домбыра мен қобыздағы орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер», ал мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациялары бойынша барлығы 35 өңірлік жеңімпаздар марапатталды. Бұлардың қатарында науырзымдық Никита Тимошкенко мен рудныйлық Анастасия Мұхитовалар бар. Олар «Өнерлі өрге жүзер» байқауында жеңімпаз атанып, топ жарды.
Іс-шара соңында жеңімпаздар қазақ ақындарының шығармаларын оқып, мәдениет қайраткерлерінің музыкалық шығармаларын орындаумен қатар, өздері шығарған өлеңдерін де айтып беріп, бірқатар концерттік нөмірлерімен өнерлерін көрсетті. Жастар Астананы аралап, Ұлттық музейге саяхат жасады. Ұлттық арнаның арнайы қонағы болып, «Ерке сылқым» күйін де орындап, баршаны сүйсінтті.
Айбек ТАҢАТБАЕВ

Комментарии