«Мейірімді Қазақстан»: ерікті жастардың игі ісі
Дата: 13.01.2026 Рубрика: Твори добро
0
9
0

«Мейірімді Қазақстан» республикалық акциясы аясында Аманкелді ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастар жалғыз басты зейнеткерге көмек көрсетіп, ауласын қардан тазартып, аумақты ретке келтірді және қысқы отындарын жарып берді.
Қыс мезгілінде қарт адамдар үшін күнделікті тұрмыстық жұмыстарды атқару айтарлықтай қиындық туғызатыны белгілі. Осыны ескерген ерікті жастар зейнеткердің үй маңындағы қарды тазалап, жүріп-тұруға қолайлы жағдай жасап, тұрмыстық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, қысқа қажетті отындарын жарып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісін танытты.
Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, жастарды еріктілік қызметке баулу және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру. Жастардың осындай игі бастамалары жалғыз басты қарияларға ғана емес, жалпы қоғамға оң әсерін тигізіп, өзара қолдау мен адамгершілік құндылықтардың нығаюына ықпал етеді.
Қайырымды іске белсене қатысқан Аманкелді ауданының жастары мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отыр.
Мұндай игі істер – ел ішіндегі бірлік пен мейірімнің, үлкенге құрмет пен кішіге қамқорлықтың айқын көрінісі. «Мейірімді Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып жатқан бұл бастамалар қоғамдағы ізгілік пен жанашырлықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Аманкелді ауданы

Комментарии