Табиғатты қорғаушылар
Дата: 16.12.2025 Рубрика: Твори добро
0
7
0

Аманкелді ауданы, Жаңауыл орта мектебінде «Қамқор» жобасы аясында құстарға арналған үйлер мен қоректендіргіштер байқауы өтті
Табиғатты қорғау мен жануарларға жанашырлық таныту – бүгінгі жас ұрпақ бойында қалыптастырылуы тиіс маңызды құндылықтардың бірі. Осы мақсатта «Қамқор» жобасы аясында 4–6 сынып оқушылары арасында «Құстарға арналған қоректендіргіштер мен құс үйлерін дайындау» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – балаларды табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға баулу, сонымен қатар олардың қолөнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, өз қиялдарын еркін іске қосты. Пластик, ағаш, картон, қайта өңделген тұрмыстық бұйымдар – балалар шеберлігінің арқасында табиғатқа пайдалы әрі әсем дүниелерге айналды.
Жас табиғат жанашырлары дайындаған түрлі-түсті, ерекше пішіндегі құс үйлері мен қоректендіргіштер қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі, жасалу тәсілі мен ойластырылған дизайн балалардың ізденісі мен ынтасын көрсетіп тұрды.
Байқау өте қызықты, мазмұнды форматта өтті. Қатысушылар табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, шығармашылық шабыт алып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Мұндай игі шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты қорғау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Аманкелді ауданы

Комментарии