Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білім мен ғылымға бастар қадам

Дата: 14.10.2025 Рубрика: Твори добро
61
0
Білім мен ғылымға бастар қадам
Қостанай облысы мектептерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық «Дублёр күні» өткізілді. Бұл ерекше күн оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, олардың көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталды.
«Дублёр күні» – білім мен ғылымға қызығушылықты арттырудың, өмірлік тәжірибе жинаудың және жауапкершілік сезімін қалыптастырудың бірегей форматы. Бұл күні оқушылар мұғалім, директор, кітапханашы, психолог, тіпті сынып жетекшісі сынды түрлі мамандық иелерінің орнын басып, мектеп өмірін өздері басқарды.
Шараның басты мақсаты – оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігін дамыту, көшбасшылық қабілеттерін шыңдау, жаңа тәжірибе қалыптастыру.
Жас дублёрлер сабақ берудің, оқушы тәрбиелеудің, ұжыммен жұмыс жасаудың қыр-сырына қанығып, ұстаз еңбегінің жауапкершілігін сезінді. Бұл олардың білім мен ғылымға деген ынтасын арттырып, өз болашағына саналы көзқараспен қарауға түрткі болды.
Бұл бастама жастардың жаңа қырынан танылуына, өзін-өзі басқару мәдениетінің қалыптасуына және ұстаз еңбегіне деген құрметтің артуына жол ашты.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!