Сапалы білім алатын болады
Дата: 24.09.2024 Рубрика: Твори добро
0
166
0
Қостанай облысының Қарасу ауылында жаңа ашылған түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 70 балаға қолдау көрсетіледі.
Қарасу ауданының Қарасу ауылында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Жабдықтарды сатып алуға және ұстауға облыстық бюджеттен 65,3 млн. теңге бөлінген.
Ашылу салтанатына Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Сағит Нұғырбеков барлық қатысушыларды осындай маңызды оқиғамен құттықтады: «Біз кішкентай оқушыларымыз үшін арнайы құрылған жаңа түзету кабинетін ашамыз. Бұл оқу бөлмесі жай ғана жаңа бөлме емес, біздің балаларымыз дами алатын, үйренетін және өзін жайлы сезінетін бүкіл әлем».
Бұл Қарасу ауданының тұрғындары үшін маңызды оқиға. Бүгін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті өз есігін айқара ашып жатыр. Соның арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір бала инновациялық оқу жабдықтарын пайдалана отырып, психолог, дефектолог, логопед және басқа да мамандардың білікті көмегін ала алады.
Қарасу ауданының білім бөлімінің басшысы Дамир Шәріпов «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде бала мен отбасы мамандар тобының кешенді қызметтерін ала алатын, даму проблемаларын шешетін және мектепке дейінгі немесе мектеп мекемесіне әлеуметтенуге дайындалатын мекеме. Біздің стратегиялық мақсатымыз, мұндай түзету кабинеттері ерекше бала өсіп келе жатқан отбасынан «Қадамдық» қолжетімділікте болады».
Кабинеттің ашылуының арқасында енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 70 астам бала сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге ие болады.
Комментарии