Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Таза Қазақстан» – жас ұрпақтың ортақ ісі

Дата: 26.08.2025 Рубрика: Трудовой десант
74
0
«Таза Қазақстан» – жас ұрпақтың  ортақ ісі
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері экопатруль мүшелерімен бірлесіп, қоқысты сұрыптау бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Шара барысында қатысушыларға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың пайдасы түсіндірілді. Әсіресе, пластик, шыны, қағаз сияқты қоқыс түрлерін бөлек жинаудың қоршаған ортаға тигізер оң әсері туралы нақты деректер келтірілді. Жастарға қайта өңдеуге жарайтын қалдықтарды кәдеге жарату арқылы табиғатты қорғауға, экожүйені сақтауға үлес қосуға болатыны айтылды.
Экопатруль мүшелері күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым әдеттерді бөлісті: қайта пайдалануға болатын сөмке қолдану, пластик бөтелкені арнайы жәшікке тастау, шамдарды үнемдеу, тұрмыстық техниканы артық пайдаланбау секілді кеңестер берілді.
Жастар ресурстық орталығының өкілдері акцияға белсенді қатысқан жастарға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. «Таза Қазақстан» – тек экологиялық науқан ғана емес, ол – әрбір азаматтың табиғатты қорғаудағы жауапкершілігін арттыратын, қоғамды жақсылыққа бастайтын ортақ іс.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!