Жайдарлы жазда
Дата: 16.07.2020 Рубрика: Тастүлек
0
638
0
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мектеп жанындағы жазғы демалу алаңы ашылды. Ашылу жиынында алғысөзді мектеп басшысы Арайлым Күмісбайқызы сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мектеп бүлдіршіндері ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. «Жақсылық жасасаң, балаға жаса!» де - ген ұранмен ауыл жас тары, я ғ ни Ерлан Бауыржанұлының қолдауымен бүлдіршіндерге арнап спорттық түрлі ойыншықтар табыстады. Атап айтар болсақ, валейбол баскетбол добымен қоса, түрлі көздің жауын алатын шағын доптар, сурет салуға арналған жиналмалы палатка. Ауыл жастары осылай ауылымыздың өркендеуіне және балаларымыздың болашағы үшін қолдап, үлгі болатындай ізгі істер жасаса, балаларымыз жақсы тәлім-тәрбие алар еді. Сонымен қатар жиын соңында атааналарымыздың демеушілігімен балалар мерекесіне арнап түрлі тәттілер таратылды. Бұл күн бүлдіршіндер үшін ерекше есте қаларлық күн болды. Балалардың қ уанышында шек жоқ. Осындай бүлдіршіндерге жайдарлы жаз көңілкүй сыйлап, демеушілік жасаған ауыл жастарына алғысымыз шексіз! Осындай іс-шаралар жазғы демалу алаңын да өз жалғасын таба бермек.
Айткүл ОҢЖАНҚЫЗЫ, Құмкешу орта мектебінің мұғалімі
Айткүл ОҢЖАНҚЫЗЫ, Құмкешу орта мектебінің мұғалімі
Комментарии