Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Тіл шебері» байқауы өз мәресіне жетті

Дата: 05.05.2026 Рубрика: Стань профи
2
0
  «Тіл шебері» байқауы өз мәресіне жетті
Жанкелдин аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» атты аудандық байқау өтті. Үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткен сайыс мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Байқаудың негізгі мақсаты – үш тілді еркін меңгерген қызметкерлерді анықтау, тіл мәдениетін дамыту және қазақстандық патриотизмді нығайту. Сайыс үш кезең бойынша өткізілді. Алғашқы «Тіл – тұғырым» кезеңінде қатысушылар қазақ тілінде эссе жазып, өз ойларын көркем жеткізді. «Тіл – дарын» кезеңінде берілген мәтінді орыс тіліне ілеспе аударып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ал «Тіл – өнер» кезеңінде берілген суретті ағылшын тілінде сипаттап, шығармашылық қабілеттерін танытты.
Байқауға Жангелдин ауданы әкімдігінің түрлі бөлімдерінен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Атап айтқанда, ішкі саясат бөлімінің іс жүргізу инспекторы Бақыт Инабат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Кенжебай Ақбота, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Ғабдымәлік Нұртас бақ сынады.
Қазылар алқасының құрамында аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы Гүлназ Раулқызы, үш тілді меңгерген жастар арасындағы облыстық «Тіл шебері» байқауының жеңімпазы Айдана Қапар және «Үздік оқытушы – 2023» облыстық байқауының жүлдегері Сымбат Кенжеғалиқызы болды. Қазылар алқасының мүшесі Айдана Әлібекқызы байқаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
«Қатысушылардың дайындық деңгейі жақсы, тілдік құзыреттілігі жоғары екені байқалды. Әсіресе көптілді меңгеруге деген қызығушылық қуантады. Мұндай сайыстар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына оң әсер етеді», – деді ол.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Ғабдымәлік Нұртас жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Айта кету керек, «Тіл шебері» байқауы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып қана қоймай, өзге тілдерді меңгеруге ынталандыратын маңызды алаң болып табылады. Мұндай шаралар қоғамдағы тіл мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сымбат КЕНЖЕҒАЛИ

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!