Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Робототехниктер сайысты

Дата: 24.03.2026 Рубрика: Стань профи
6
0
Робототехниктер сайысты
Қостанай ауданында «National Robotics Games» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша облыстық ұлттық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мен педагог қатысты.
Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың инженерлік және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ робототехника және заманауи технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Жарыс дарынды жастарды қолдауға, ғылыми-­техникалық шығармашылықты дамытуға және оқушылар арасында инженерлік мамандықтарды насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Турнирдің ерекшелігі – заманауи технологиялық бағыттарды ұлттық мәдениет элементтерімен ұштастыруы болды.
Қатысушылар бірнеше санат бойынша бақ сынады. Олардың қатарында: «Aero Nomad» (дрондар), «Асық ату», «Мерген», «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Lego-аударыспақ», «Теңге алу», сондай-ақ шығармашылық «StoryCraft AI» санаты бар.
Осындай жарыстарды өткізу мектеп оқушыларының инженерияға, бағдарламалауға және инновациялық технологияларға қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың цифрлық дәуірде сұранысқа ие дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!