Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балалар өндірісте көзбен көріп, көңілге түйді

Дата: 05.08.2025 Рубрика: Стань профи
142
0
 Балалар өндірісте көзбен көріп, көңілге түйді
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – нақты іске ұласқан маңызды қадам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде жастарды жұмысшы мамандықтарына ерте бағыттау, оларға кәсіптік бағдар беру ісі қарқын алуда. Солардың бірі – Қостанай облысында қолға алынған «Менің болашақ мамандығым» атты жоба. Бұл бастама арқылы 6–8 сынып оқушылары әртүрлі кәсіптермен, нағыз өндіріс орталарының жұмысымен жақынырақ танысып жатыр.
Жаз айында балаларға «Карагулина» жеке кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды. Бұл – нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер шығаратын ірі өндіріс орны. Балалар алғаш рет наубайшылар мен кондитерлердің жұмысын көзбен көріп, нағыз еңбектің ортасында болып қайтты. Кәсіпорынның менеджері Оксана Попченко оқушыларға наубайханадағы жұмыс барысы туралы кеңінен айтып берді:
– Нан пісіру – ұқыптылық пен ептілікті қажет ететін ауыр еңбек. Бірақ әр түйір нанның артында – маңдай тер мен табандылық жатыр. Бұл қасиеттерді жастар ерте бастан түсінсе дейміз. Кәсібіне адал жастар қажет, – деді ол.
Ол балалардың қызығушылығын ерекше байқағанын айтып, оларға болашақта кәсіпке байыппен қарауға кеңес берді.
Экскурсия барысында балалар кәсіпорынның әр бұрышын аралап, нанның иісі бұрқыраған пешке жақын барды, дайын өнімнен дәм татып, өндіріс процесіне қатысудың қызығын сезінді. Технология және сервис колледжінің оқытушысы Кристина Гудова бұл жобаның маңызын былай түсіндірді:
– Балалар тек тыңдап қана қоймай, көру арқылы көп нәрсе ұғынды. Кәсіби бағдарда осындай тәжірибелік жұмыстардың әсері ерекше. Оқушылар нағыз еңбек пен мамандықтың қадірін білді, – дейді ол.
 «Менің болашақ мамандығым» жобасының басты мақсаты – оқушыларды жұмысшы мамандықтарымен таныстыру, қол еңбегінің маңызын түсіндіру, өндіріс үдерісін көзбен көрсету, жастардың қызығушылығын оятып, дұрыс мамандық таңдауына жол ашу.
Жұмысшы мамандығы – бұл таңдау емес, жауапкершілік. Тек дәрігер, мұғалім не инженер болу ғана емес, нан пісіретін, тігін тігетін, техника жөндейтін мамандар да ел игілігіне қызмет етеді. Бүгінгі оқушылар – ертеңгі дәнекерлеуші, құрылысшы, аспаз немесе кондитер. Сондықтан еңбекке деген құрмет пен мамандыққа деген дұрыс көзқарас бала күннен қалыптасуы тиіс. Осы жобадағы кездесулер, экскурсиялар, шеберлік сабақтары – тек бір күндік шара емес. Бұл – жастарды болашаққа дайындаудың нақты қадамы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!