Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Цифрлық технология – баланың дамуына үлкен серпін»

Дата: 29.07.2025 Рубрика: Стань профи
73
0
«Цифрлық  технология – баланың дамуына үлкен серпін»
Райка Қуанышбаева - Рудный қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі. Ол өзінің білім берудегі жаңашылдықтарымен бөліскен еді. 
– Райка Бермұхаметовна, сіздің сыныбыңызда TOPIQ платформасы қолданылып жатыр екен. Бұл платформамен алғаш рет қашан таныстыңыз, қандай әсер қалдырды?
– Иә, расымен де қазіргі таңда цифрлық технологиялар оқу үдерісіне кеңінен еніп келеді. TOPIQ платформасымен өткен оқу жылының соңында таныстым. Бірден әсер еткені – оның баланың жас ерекшелігіне толық сай келетін мазмұны мен тапсырмалардың ойын арқылы берілуі. Балалар үшін қызықты, ал біз, мұғалімдер үшін өте қолайлы құрал.
– Платформаның басты артықшылықтары қандай деп ойлайсыз?
– Біріншіден, бұл – ойын арқылы оқыту. Мектепалды жастағы бала үшін оқу – ойын арқылы ғана қызықты болады. TOPIQ-тағы тапсырмалар түрлі ойын, жұмбақ, логикалық жаттығу түрінде берілген. Екіншіден, бала өзінің қарқынымен жұмыс істей алады, бұл өте маңызды. Әр бала бірдей деңгейде қабылдамайды ғой. Кімде қиындық болса – қосымша жаттығу ала алады, ал жылдам меңгергендер алға озып отырады.
– Балалар қандай дағдыларды меңгере бастады?
– Бірінші кезекте – логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою. Сонымен қатар компьютермен, планшетпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасып келеді. Бұл – қазіргі заман талабы. Балалар тышқанды дұрыс ұстауды, экранмен жұмыс жасауды, тапсырманы өз бетінше орындауды меңгеріп жатыр. Бұл да – мектепке даярлықтың бір бөлігі.
– Ата-аналардың көзқарасы қандай болды?
– Басында күмәнмен қарағандар болды. Бірақ балалар үйде платформамен өз бетінше жұмыс істеп, нәтижесін көрсеткен кезде, ата-аналар қуанып, қолдау көрсете бастады. Олар үшін де ыңғайлы: баласының жетістігін көріп отыра алады. Бұл – ата-ананы оқу процесіне тартудың бір жолы деп ойлаймын.
– Мұғалім ретінде сізге бұл платформа қаншалықты көмек береді?
– Үлкен көмек. Бізге дайын тапсырмалар, жаттығулар, бақылау құралдары ұсынылады. Уақытымыз үнемделеді. Сонымен қатар әр баланың деңгейін, жетістігін платформа арқылы саралап отыруға мүмкіндік бар. Бұл – оқу процесін нақты әрі сапалы жүргізуге жағдай жасайды.
– Қорытындылай келе, сіз үшін TOPIQ платформасы нені білдіреді?
– TOPIQ – бұл тек платформа емес, бұл – заманауи балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы көпір. Ол баланы мектепке жан-жақты дайындап қана қоймай, оқуға деген сүйіспеншілік пен сенімділікті оятады. Мұндай құралдар білім беру жүйесінің болашағы деп сенемін.
– Әңгімеңізге рақмет! Ізденісіңіз бен еңбегіңізге сәттілік тілейміз.
– Рақмет! Ең бастысы – балалардың көзі жанып тұрса, оқуға қызығушылығы болса, біздің еңбегіміздің ақталғаны.
 Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!