ASTRO SPACE SCHOOL
Дата: 29.04.2025 Рубрика: Стань профи
0
230
0

Рудный қаласының №7 мектеп-гимназиясы республикалық астрономиялық турнирде жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Астана қаласындағы “Tamos Space School” мектебінде 7–12 сынып оқушылары арасында өткен «ASTRO SPACE SCHOOL» атты республикалық астрономиялық турнирге еліміздің әр өңірінен үздік командалар қатысты. Бұл турнирде оқушылар астрономия саласындағы ғылыми мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсыну арқылы өз ойларын дәлелдеп, пікірталастарға белсенді түрде қатысты.
Байқау жекелей және топтық форматта өтті. Рудный қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының намысын 7 “В” сыныбынан Айсұлтан Тойкен, 8 “А” сыныбынан Нұрислам Шарапатов, 9 “А” сыныбынан Бекзат Оразғали және 10 “А” сыныбынан Мадияр Ерғабыл атты оқушылар қорғады. Олар турнирде бірдей белсенділікпен, жоғары дайындықпен өнер көрсетті.
Аталған оқушылар астрономияға ерекше қызығушылық танытып келеді. Мектепте оларға арналған сабақтан тыс үйірмелер тұрақты түрде өткізіледі. Республикалық турнирге қатысуға ұсыныс түскен сәтте-ақ оқушылар аса белсенділікпен, ықыласпен дайындыққа кірісіп кетті. Алдын ала берілген 11 сұрақ бойынша олар терең дайындалып, ғылыми тұрғыда ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларды физика пәні мұғалімі Гүлжаухар Құрманова дайындап, олармен бірге Астана қаласына барып қайтты. Турнир барысында қатысушылар дебат форматында тапсырмаларды қорғап, қосымша сұрақтарға нақты әрі ғылыми тұрғыда жауап беріп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.
Нәтижесінде №7 мектеп-гимназиясы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, туған қалаларына көтеріңкі көңіл-күймен және құнды тәжірибемен оралды.
Аида Яловенко
Рудный қаласы

Комментарии