Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кәсіп әлеміне жаңаша көзқарас

Дата: 18.02.2025 Рубрика: Стань профи
221
0
Кәсіп әлеміне жаңаша көзқарас
Астанада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті. Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған бұл бірегей іс-шараны Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырды.
Қостанай қаласынан фестивальге Абай атындағы мектептің он оқушысы, сондай-ақ мектеп директорлары М.Кокишева мен С.Белоусова қатысты. Оқушылар бірқатар тақырыптық бағыттар ұсынылған көрмені тамашалады. Мұнда балаларға тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, көлік, аграрлық сектор, құрылыс және т. б. еліміздің озық салаларының түрлі мамандықтарымен танысуға мүмкіндік беретін интерактивті шеберлік сыныптары, хакатондар, стартаптардың тұсаукесерлері мен тренингтер ұйымдастырылды.
Балаларға кәсіп әлеміне жаңаша көзқарас танытуға көмектескен фестиваль ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз. Алған әсерлері мен білімі оларға болашақта дұрыс кәсіби таңдау жасауға көмектесетініне сенімдіміз.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!