Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бизнеске бағыт алған балақай

Дата: 06.02.2024 Рубрика: Стань профи
174
0
Бизнеске бағыт алған балақай
            Қазіргі өмір қоғамының өзгеріп отыратын жағдайында үздіксіз экономикалық білім мектепке дейінгі жастан басталуы керек, бұл кезде балалар қарапайым экономикалық қатынастарда алғашқы тәжірибе алады.
            Рудный қаласының №10 бөбекжайында «Балабақшадан бизнеске» инновациялық алаңының копирайтингі өтті. Білім басқармасының әдістемелік орталығының аға әдіскері К.Кубеева балаға қаржылық сауаттылықты үйретудің маңыздылығын айтты. Бөбекжай әдіскері А. Оңғарова облыстық эксперименттік алаң жұмысы аясында жобаны іске асыру туралы айтып берді.
            Экономикалық тәрбиенің мәні экономикаға арнайы оқытуды ұйымдастыруда емес, балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін экономикалық мазмұнмен байытуда. Копирайтингқа қатысқан облыс педагогтары мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста қолданылатын инновациялық білім беру технологияларын қолданумен таныса алды. Тәрбиеші Н. Ақмурзина педагогтарға «Жас кәсіпкер» ойынына қатысуды ұсынды.
            Осы тақырыпты практикалық сынақтан өткізу қазіргі нарықтық жағдайда балалармен қаржылық сауаттылықпен айналысу қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Балалардың қаржылық оқуын назардан тыс қалдырмаңыз, өйткені бұл олардың болашағын анықтай алады.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!