Салт-дәстүр – ұлттың рухани тірегі
Дата: 07.04.2026 Рубрика: Сделано в Казахстане
0
10
0

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған онкүндік жоспары құрылып, қазақтың жоралғылары да атқарылды. Олар қайта қарастырылып, мән-мағынасы әр қырынан терең ашылды. Ендеше, мен де осыған өз көзқарасымды білдірейін.
Шаңырақ күні ерекше күн. Шаңырақ – киіз үйдің жай ғана ағаштан жасалған шеңбер тәрізді бөлігі емес. Ол – уақыт пен жарықтың, ер мен әйел еңбегінің үйлесімін білдіретін, отбасы бірлігінің символы. Киіз үйдің неге күншығыс сәулесі ерлер жағына, ал күнбатыс жарығы әйелдер бөлігіне түсетіндей етіп орналастырылатынын білесіз бе? Таңсәріде ерлердің еңбекке дайын, күш-қуаты мол екенін аңғартса, кешкісін әйелдердің отбасы мүшелерін тынығуға дайындап, шаңырақ астына жинауын білдіреді. Осы және өзге де қызықты деректер Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өткен кездесуде татар-башқұрт этномәдени орталығының белсенді мүшесі Г. Латыпова тарапынан кеңінен айтылды.
Ал ұлттық киімдері күні «Мирас» мәдениет үйінде «ETNO FASHION» модельдік агенттігінің дизайнері Динара Аралбай ұсынған «Тұмар» атты қазақы әйел көйлектерінің топтамасы көрсетілді. Заманауи сән мен ұлттық нақыш үндескен бұл көрсетілімде әйелдің нәзіктігі мен күш-қуаты, көркі мен мәртебесі айқын көрініс тапты.
Мен үшін ерекше болғаны Жаңару күні. Жаңару күні І.Омаров атындағы қазақ драма театры сахнасында «Аладдин» қойылымымен жалғасын тапты. Тобыл қаласынан келген бастауыш сынып оқушылары ертегі әлеміне еніп, қарапайым жігіттің қиындықтарды жеңіп, бақытына жету жолын тамашалады. Бұл оқиға қазақ халқының қиын кезеңдерден өтіп, жаңарған тарихымен үндесіп жатқандай әсер қалдырды.
Спорт күні де қызықты өтті. Бұл күні қаладағы мәдениет үйлері мен мектептер спорттық сайыстар алаңына айналды. Әсіресе, тоғызқұмалақ ойынына қызығушылық ерекше болды. Қатысушылар жеңіс үшін ғана емес, өздерін сынап, ұлттық ойынның маңызын дәріптеу үшін жиналды.
Осы төрт күннің мазмұнына көз жүгіртсек, Наурыз мейрамы тек мерекелік думан емес, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпақ санасына сіңіретін рухани құндылықтардың алтын арқауы екенін аңғаруға болады.
Аида ЯЛОВЕНКО

Комментарии