Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Бабалар ізімен» – дәстүрге сапар

Дата: 15.07.2025 Рубрика: Сделано в Казахстане
271
0
«Бабалар ізімен» – дәстүрге сапар
30 маусым күні Қамысты ауылында ерекше оқиға болды. Самал желмен желбіреген көк тудың астында «Бабалар ізімен» атты мәдени-танымдық жоба өз сапарын бастады.
Бұл жоба – Қамысты ауданының 70 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне арналған. Шараның мақсаты – ұлттық өнер мен салт-дәстүрді жаңғырту, бабалар жолын бүгінгі ұрпаққа үлгі ету.
Жобаның ең басты ерекшелігі – бес атты өнерпаздан құралған шығармашылық керуеннің сапарға шығуы. Олар Қамыстыдан басталып, Денисов, Лисаков, Тобыл станциясы, Рудный, Қостанай аудандарына дейінгі киелі жерлерді аралады. Әр жерде театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, ұлттық дәстүрлер сахналанды.
 Киіз үй – қазақтың мәдени ордасы
Керуен барған ауылдарда киіз үйлер тігіліп, халқымыздың ескі салт-ғұрыптары көрсетілді. Балалар мен көрермендер ас беру, беташар, бесікке салу, тұсау кесу сияқты ұлттық дәстүрлерді өз көзімен көрді.
«Жайылма» халық театрының әртістері әр дәстүрді шынайы әрі әсерлі түрде сахнада көрсетті. Қарапайым көріністер арқылы ұмыт бола бастаған дәстүрлер қайта жаңғырып, көпшіліктің жүрегінен орын алды.
Сапардың бір аялдамасында кішкентай баланың тұсауы кесілді. Бұл рәсімді жоба жетекшісі Еркебұлан Кәрімұлы өзі атқарды. Ол балаға ақ тілегін айтып, алғашқы қадамын нық бассын деп тіледі. Балақай батыл қадам жасады, бәрі қуанып, «тұсау кескен адамның қолы жеңіл» деп қуанып жатты. Балаларға бұл өте қызықты әрі есте қаларлық сәт болды.
Ұлы ұстазға тағзым
Керуен Қостанайдың қасиетті орындарының бірі – Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне де соқты. Сол жерде Қыдыр ата бейнесіндегі қария ақ батасын беріп, керуенге рухани күш дарытты. Бұл көрініс балалар мен ересектерге терең әсер қалдырды.
Түйемойнақ аңғарында табиғат пен ұлттық өнер ерекше үйлесім тапты. Жусанды далада күмбірлеген күй мен әсерлі терме орындалып, көрермендерге рухани шабыт сыйлады. Осы сәттерде ұлттық болмыс пен табиғат бір-бірімен сырласқандай болды.
 «Біздің мақсат – сахнадан ғана емес, халықпен бірге болып, дәстүрді шынайы өмірде көрсету. Керуен арқылы ұлттық рухты оятқымыз келеді», – дейді жоба жетекшісі Еркебұлан Кәрімұлы. 
Сен білесің бе?
Тұсау кесу – баланың алғаш қадам басуына арналған ерекше рәсім. Ақ жол, жақсы өмір тілейді.
Қыдыр ата – халық нанымында бақыт пен берекені бірге алып жүретін бейне.
Домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі тойланады. Бұл – ұлттық өнерді дәріптейтін мереке.
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!