Ұлттық валюта – теңге
Дата: 26.11.2024 Рубрика: Сделано в Казахстане
0
268
0
Тәуелсіздігіміздің айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Жыл сайын елімізде қарашаның 15-інде ұлттық валютамыз Теңге күні атап өтіледі.
Жақында Қостанай ауданы, Айсары ЖББМ мектеп кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Көшек Базарқызы мен Айсары ауылдық кітапхана меңгерушісі Айгүл Абилеваның ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында 6 сынып оқушыларының қатысуымен Теңге күніне орай ұйымдастырған мерекеде теңгеміздің шығу тарихы жайында қажетті мәліметтер айтылып, тағылымы терең іскерлік ойыны өткізілді.Оқушылар 2 топқа бөлінді. ІІ турдан өткізілген ойын қызықты да қызғылықты топтық сайыс түрінде болды. Теңге түрлерінен үлкен көрме ұйымдастырылды. І турда оқушылардың білімін шыңдай отырып білімдерін тексеруге қызықты сұрақтар қойылды. ІІ турда мозайка құрастыру арқылы әр елдің ақшаларын суреттерімен сәйкестендіре отырып жауап беріп отырды. Сайыс тапсырмаларын орындаған оқушылар теңгемен бағаланып отырды. Барлық оқушылар қызыға қатысып, білгендерін де айтып жатты. Тапқырлықпен көзге түсіп, ерекше деп танылған оқушылар: Мұратбекқызы Нұрила, Әлім Дархан, Девиченко Диас, Балғабай Мәди, Оразбаева Інжу болды.
Өздерінің жинаған теңге санына қарай ең белсенді деген оқушыларға Мадақтамалар табысталып, барлық оқушыларға тәттілер табыс етілді.Сайыс соңында мектеп директоры Алимова Назгуль Едресқызы мектеп әкімшілігі атынан сайысты ұйымдастырған мектептің кітапхана меңгерушіісі Көшек Мейрамкүл мен ауылдық кітапхана меңгерушісі Абилева Айгүлге Алғыс білдірді.
Дариға Берсүгірова,
Айсары ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Комментарии