Атадан қалған қолөнер
Дата: 01.10.2024 Рубрика: Сделано в Казахстане
0
206
0
Қостанай қаласының №5 жалпы білім беретін мектебінде бес жылдан бері жоғары білікті педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Шәріпбаева Айгүл Айтбайқызы қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі - 23 жыл.
Осы уақыт ішінде ол оқыту әдісін нағыз өнерге айналдыра білді. Өйткені, әр сабағы білім беру ғана қызық емес, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қызықты әлеміне саяхаттайтындай әсерлі.
Айгүл Айтбайқызы мектептен тыс уақытта фетрден себеттер мен сөмкелер жасайды. Бұл ісі өзіне шабыт сыйлайды. Алғашында өзінің және жақындарының көңілін көтеру мақсатында жасап жүрсе, кейінірек өзгелерге сұлулық пен қуаныш сыйлайтын қолөнерге айналды. Әр туындысы керемет. Көз тартады, шебер жасалғаны көрініп тұр. Бұл өнердің бәрінде де ұлттық нақыш, тәрбие жатыр. Қолөнер ата-бабамыздан қалған мұра. Оны дамыту тек ұстаздарға ғана емес, кез келген жанға міндет. Қолөнермен айналысу арқылы көп дүниені үйренуге болады.
Бекасыл Бекзат, оқушы
Комментарии