Отбасының жылуы
Дата: 24.09.2024 Рубрика: Сделано в Казахстане
0
172
0
Қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні болып аталып өтіледі. Осыған орай Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Еліміздегі отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жыл сайын, дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді. Байқау – қалалықтан басталып, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің қатысушылары А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның ата-аналары Байтұрсыновтар отбасымен кездесу өтті. Кездесуге орталығымыздың педагогтары және Арқалық қаласы полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Байсалбекова Мейрамкүл Жұмабекқызы да болды.
Кездесуде отбасының жылулығы, тәрбиенің мәні сөз болып, оның маңыздылығына да тоқталды.
Комментарии