Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін»

Дата: 24.09.2024 Рубрика: Сделано в Казахстане
189
0
«Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін»
Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» атты қалалық авторлық шығармалар байқауын ұйымдастырған болатын. Байқаудың мақсаты: ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, қазақ әдебиеті мен тілін, қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Ахмет Байтұрсынұлының ақындық болмысы мен шығармашылығын насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.
– Орталық тілдер күніне орай осындай байқау ұйымдастырды. Байқаудың шарттарына сай қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай еркін тақырыпта бір шығарма арнауы тиісті. Авторлық шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және шығарманың жан-жақты ашылуына мән берілді. Байқауға келіп түскен шығармаларды қазылар алқасы қарап, өз бағасын берді. Қатысқандардың барлығы өз ойларын жақсы жеткізе білген, – дейді тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанат Досыбаева.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдеге Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Аружан Ахметбекова ие болды. Ал І орынға Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Бірімжанова ие болса, ІІ орынға Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері Ертай Райымбек пен Жанболат Сейдуллаев ие болды. Үшінші  орынды Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері Жұмабек Асыл, Сержан Төлегенов және Жарасқан Ермекбаев бөлісті. Барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
– Жалпы байқау өте тартысты өтті десе де болады. Жастар өздерінің тіл байлықтарын көрсете білген. Ахаңның кім екенін біліп өскен ұрпақ келешекте де ұстаздың мол мұрасымен сусап, жан дүниесін байытып жетіледі деп ойлаймын. Сондықтан алдағы уақыттарда да осындай игі іс-шараларды өткізе бермекпіз, – дейді Жанат Досыбаева.
Рудный қаласы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!