Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақ қызының әшекейі

Дата: 16.07.2024 Рубрика: Сделано в Казахстане
241
0
Қазақ қызының әшекейі
Қазақ қызы ертеден түрлі зергерлік бұйымдар таққан. Олар әдемі болуымен қатар ұлтымыздың тыныс тіршілігінен сыр шертіп, тереңде жатқан тарихымыздың айқын көрінісі болған. 
Бабаларымыз сөзге де іске де келгенде алдыңғы шепті бермей, түркі дүниесінде есімін алтын әріптемен жазып қалдырған. Қыздардың тартымдылығын арттыра түсетін әшекейлердің түр-түрі де көп болған. Салынған әрбір оюдың да өз мағынасы, өз сыры бар. Елімізге келген шетел азаматтары бұл әңгімелерді естіп таңдайларын талай рет қаққаны ақиқат. Олар туралы біз де біліп жүрейік.
Бойтұмар – күмістен жасалған ішіне Құран аяттарын салуға арналған бұйым болған. Қазіргі кезде көбіне теріден жасалынған түрі қолданылады.
Шекелік – сырғаның ықзметін атқарады. Бірақ құлақты жырып жіберу қауіпі болғандықтан құлаққа тағылмайды.  Сәукеленің ішкі матасына тағылатын бұйым. Сыртқы көрінісі сырғаға ұқсас.
Сырға – құлаққа тағылатын бұйым. Оның көлеміне, сыңғырына қарай әйел адамның жасын сұрамай – ақ білген. Тұрмыс құрмаған бойжеткен қыздардың сырғалары сыңғырлақ, қоңыраулы болған. Тұрмыс құрғаннан кейінгі сырға сыңғырлақсыз, көзді, байыпты болған. Әжелеріміздің сырғалары қалың етіп соғылған салмақты болған.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!