Жолда абай болайық
Дата: 09.11.2021 Рубрика: Салауатты ұлт – саламатты ұрпақ
0
352
0
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында қаламыздағы №21 жалпы білім беретін мектебінің базасында Ресейдің және Қостанай қаласының муниципалдық округтерінің жол қозғалысы жас инспекторларының қатысуымен «Қостанай-Челябі» телекөпірі өтті. Аталған іс-шараға №16, 21, 23 жалпы білім беретін мектептердің ЖЖИ командалары, Қостанай қ.ПБ, Қостанай облысының ІІД, білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кездесудің мақсаты жолда балалармен болған жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау. Телекөпір қатысушылары жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Қостанай қаласының ЖЖИ командалары жолда қайғылы жағдайдан қалай құтылуға болатынын, алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін және ересектер мен балаларға жол жүру ережелерін білу қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Комментарии