«Балабақша – денсаулық аумағы»
Дата: 05.10.2021 Рубрика: Салауатты ұлт – саламатты ұрпақ
0
341
0
Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназиясында «Балабақша – денсаулық аумағы» ұранымен спорттық іс-шара өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы аясында өткізілген шара салауатты өмір салтына ұмтылу арқылы өз денсаулығына деген мотивациялық қызығушылықты тәрбиелеуге бағытталған. Спорт алаңында дене шынықтыру нұсқаушысы А.Мисько ересек топтар мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілерімен ашық ауада жаттығулар өткізді. Сонымен қатар, іс-шара аясында сауықтыру жүгірісі, спорттық жарыстар өткізілді. Әсіресе, ырғақты калейдоскоп ойыны қызықты өтті. Мұндай іс-шаралар балабақша тәрбиеленушілеріне спортқа белсенді және саналы түрде қосылуға көмектеседі.
Комментарии