Шынықсын денеміз
Дата: 17.06.2020 Рубрика: Саламатты Қазақстан
0
734
0
Жаз маусымы басталысымен балаларын түрлі лагерьлерге жібергісі келетін ата-аналар көбейеді. Балаларының лагерьге барғанын дұрыс көреді. Шын мәнінде жазғы лагерь қызықты әрі пайдалы. Балалардың лагерьдегі әр күні қызықты. Олар өзара тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, әңгімелесіп, қабілетін дамытады. Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. Қаладағы «ЖасҰлан» спрот мектебінің балалары үшін де қызықты өтуде. Спортты үзбейтін балалар таңертең жүгіріп, Тобыл өзеніне суға түсіп, шынығады. Өзге де денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасайды. Жаттықтырушы Ю.Щур балалардың үнемі жинақы әрі спортқа жақын болғанын қалайды.
Комментарии