Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұрпақ тәрбиешісі - Ұлпан

Дата: 09.03.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
1002
0
Ұрпақ тәрбиешісі - Ұлпан

Біз мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқыған әдемби кейіпкерлерімізді жан-жақты талқылап, пікірлерімізді білдіреміз. Қазақ даласындағы әйелдердің өмірі, істеген ісі, түйген ақылы жайлы қазақ әдебиетіндегі ұлы шығармалардан білуге болады. «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі», «Әпке» және «Ұлпан» деген шығармаларымен көбі таныс. Сондағы ең қазақ тарихындағы данышпан әйелдің, ананың бір үлгісі болып келетін - «Ұлпан» романы.

Ұлпан – ауылын ақылмен басқарған, елінің кедей-кепшілігіне қол ұшын беретін, өз сыйластығымен тыңдатқан әйел. Жастықтың қызуын ерте сөндірген ауыр тағдырына налыса, жыласа, езілген көп әйелдің, әлсіз жаратылыстың белгісі. Ол жалғыз қызы Біжікенге ғана емес, сол рудың, қарамағындағы қалың елдің баласын бауырына басқысы келетін мейірімнен жаралған болатын. Міне, жаңа ғасыр әкелген ұлы өзгерістердің барлығы әдебиетте көрініс тапқан. Осы орайда, ұлттың анасы, ұрпақтың тәрбиешісі, әулеттің аяулысы болған қазақ қызының тағдыры айрықша назарға ілікті. Себебі қоғам алдымен әйелдің болмыс-бітімін өзгертті.

Тарихымызда әйелге қатысты зорлық-зомбылық болса да, оны тоқтатуға ықылас танытқан тұлғалар болғаны әдеби шығармалардан белгілі. Сол себепті Ұлпан секілді данышпан әйелдердің өзіндік дамудағы ел дамуы мен мүддесіне зор үлесін қосуда тек нұрлы күндер болсын деп тілемекпін. Келе жатқан Халықапалық әйелдер күні құтты болсын!

Дильназ Тайкешева,

Әулиекөл ауданы №1 Құсмұрын ЖББМ 9-сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!