Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Еліме берерім мол

Дата: 26.01.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
536
0
Еліме берерім мол
«Әркімнің өз жері –Мысыр шаһары» дегендей мен өз елім Отаным Қазақстанды жантәніммен жақсы көремін осындай кең байтақ жерде дүниеге келгенімді әр қашан мақтан тұтамын. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасырғы арман-мұраты. Осы жолда қаншама боздақтарымыз жанын құрбан етті. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің бағасы теңдессіз. Биыл, міне, батыр бабаларымыздың біздерге мирас қылып аманат еткен тәуелсіздік таңының атқанына 30 жылдың жүзі болмақ. Осынау жылдар ішінде еліміз әлем танырлық істер атқара білді. Тәуелсіздік пен өзіміздің ұлттық төл теңгеміз, Елтаңбамыз, Туымыз, әнұранымыз және Ата заңымыз қабылданды. Тәуелсіз ел жастарының оқып білім алуына барлық жағдай жасады. Жа стар үшін «Болашақ» бағдарламсы, одан қалды «Назарбаев университеті» құрылды, - барлық облыс орталықтарында зияткерлік мектеп ашылды. Еліміздің әр өңірінде қазіргі кезеңнің заман талаптарына сай заманауи мектептер салынды. Ел болашағы жастардың толыққанды білім алуына жағдай жасады. Тәуелсіздіктің бізге бергені және берері мол. Елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни, болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар. Ойымды Елбасымыздың айтқан мына керемет сөздерімен аяқтағым келіп отыр «Елінің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюінің жолында жан теріңді сығып, еңбек ет. Жердің де елдің де иесі өзің екеніңді естен шығарма!». Өткенді ұмытуға болмайды. Ол біздің тарихымыз. Мен өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.

Дарина ШАЙХИСЛАМОВА, М.Сералин атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Қарабалық ауданы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!