Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бауыржан батыр елінде

Дата: 18.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
73
0
Бауыржан батыр елінде
Қаладағы Б.Момышұлы атындағы №5 мектебінің оқушылары Жамбыл облы сында болды. Аты аңызға айналған қазақ - қолбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының отанына сапар шекті.
Жас сарбаздар Тараз қаласының бірқатар көрікті жерлерін аралады, мысалы: облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бар Шахристан тарихи ауданын, сурет галереясын, Қарахан кесенесін, Даңқ мұражайын, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында да болды. Оқушылар Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайындағы мұражай экспонаттарымен танысып, аты аңызға айналған қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді, қазақ жазушысы, Жамбыл облысының тумасы Шерхан Мұртазаның мұражайына барды. Мектеп экскурсиясы оқушылардың Бауыр жан Момышұлының жеке басы туралы ғана - емес, жалпы еліміздің географиясы, тари хы, табиғаты туралы білімдерін байытып, - коммуникативтік қабілеттерін дамытып, тілдік ортаға, қазақ халқының мәдениетіне еніп, ойөрісі мен әлеуметтік тәжірибесін кеңейткенін атап өткім келеді.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!