Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Рухани демалып қайттық

Дата: 11.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
168
0
Рухани демалып қайттық
Мен үшін биылғы оқу жылы өте сәтті аяқталды деп айтамын.
Себебі, 7-8 сыныптар арасылығында өткен республикалық қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың аудандық кезеңінде бірінші орынға ие болып, облыстық кезеңге өтіп үшінші жүлделі орынды жеңіп алдым. Жетінші сыныпты “өте жақсы” деген бағамен аяқтап, Мақтау қағазына ие болдым. Осы қуаныш әріқарай жалғасын тапты... Мектеп басшысы Жеңіс Брахметұлы жіне білім бөлімінің қолдауымен киелі Торғай жеріне саяхатқа аттандық. Бұл сапарға бізді, яғни Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін оқушыларын (11 оқушы) география пәнінің мұғалімі Нұрымжан Бәлдікұлы, медбике Ғалия Тұрсынғалиева, логопед, ұйымдастырушы-педагог Айым Медетқызы, көлік  ​жұргізуші Бейсенғали ағамыз апарып келді. Ең алдымен Құмкешу, Амангелді жеріне тоқтадық. Құмы ыстық және жағымды әсер қалдырады. Адамдар ол құмды тіпті киелі, емдік қасиеті бар деп те айтады екен. Торғайдың өзіне жеткенде, бірінші барған женріміз Ыбырай Алтынсарин атындағы музей болды. Онда біз көп тарихи тың деректерге қанықтық. Араб тілінде жазылған кітаптардың түп нұсқасын да көрдік. Баяғы замандағы оқу жүйесімен таныс болып, тарихқа шолу жасадық. Амангелді Иманов атындағы музейге де бас сұқтық. Музейдің ерекшелігі оның соғыс жылындағыдай стильде жасалғанында жатыр, ағаш пен темір торлардан құралған төбесі абақты сияқты екен. Ол бұрынғы қазақ халқының, бабаларымыздың көрген қысымы мен қиындығын сипаттайды. Ал, Шақшақ Жәнібек батырға арналған музейде шынайы суреттелген сахна көп екен. Ең қатты ұнағаны, бір қабырға суретке толы, қазақтың шынайы өмірі бейнеленген. Мұнан кейін Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов аталарымызға арналған музейде де болдық. Қазақ халқының мақтанышы, бетке ұстар ұлы тұлғалар туралы көптеген терең ақпарат алдық. Ахмет ауылы туралы айтсам, ол жақтағы адамдардың қонақжайлығы ұнады. Ең бастысы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ошағы бізге ерекше әсер қалдырды. Біз мектепке естелік ретінде Ахмет атамыздың портретін (суретін) салып, бір қабырғаға ізімізді қалдырып кеттік. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы үйіне де соқтық, ауылдың қасиетті ыстық суын да көзбен көріп қайттық. көрдік. Ахмет атаның үйінде өз өнерімді ортаға салып, “Агугай домбыра” атты өлеңді айтып, “Ерке сылқым” күйін ойнадым. Ахмет ата туралы өзімнің естіген-білгенімді ортаға салдым, сұрақтарға жауап бердім. Бізді осындай киелі ордалармен таныстырып, бізге рухани көңіл күй сыйлаған ағайларымыз бен апайларымызға мың алғыс!
Балжан СЕРІКБАЙ, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 “Б” сынып оқушысы Әулиекөл ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!