Балаларға қуаныш сыйлады
Дата: 04.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
146
0
Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру Алтынсарин ауданында да жақсы жолға қойылып келеді. Биыл ол жерге елу шақты бала орналастырылыпты.
Онда балғындар серігіп, демалуларымен қатар білімдерін одан әрі жетілдіруге ынталандырылады. Жуырда соның бір көрінісі ретінде аудан атын иемденген көрнекті тұлғаның жүрген-тұрған жерлеріне саяхаттады. Ыбырай бабаның кіндік қаны тамған жердегі “Омар құдығына” барды. -Бұл жерде Ыбырайдың әкесі Балғожа бидің тұрағы болған екен. Баласы Жаңбыршыдан тараған Қошан, Омардың ұрпақтары мекен етіпті. Қариялардың айтуынша, бұл маңайды үлкен Мезгіл, кіші Мезгіл деген атаулар баршылық. Ы.Алтынсариннің 150 жылдығына орай осы ағартушы тұлға дүниеге келген Мезгіз ауылының тұсындағы құдыққа ескерткіш орнатылыпты, - дейді аудандық балалар шығармашылық үйінің қызметкері Мәди Қаратай. Оқушылар аталған мәліметтермен облыс орталығында орналасқан Алтынсариннің мемориалдық мұражайында жете танысты. Ағартушылық жолы мен ұлағатын зердеге тоқып, тамаша әсерде оралды.
Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ Алтынсарин ауданы

Комментарии