Рухани ордаға саяхат
Дата: 04.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
138
0
Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасында оқушыларға кітапхана өмірін таныстыру, білім кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, олардың кітапқа деген қызығ ушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға, ақпарат алуға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету мақсатында “Жаз кітаппен бірге” атты іс-шара ұйымдастырылды.
Оған Амангелді жалпы білім беретін мектебінің “Күншуақ” жазғы алаңының оқушылары қатысты. Кітапханасының меңгерушісі оқушыларды қарсы алып, кітапхана ішіне саяхат жасатып, абономент, оқу залы, оқырман формулярымен таныстырды. Оқу залында оқырмандардың өзін қызықтыратын кез келген кітапты алып оқи алатынын, қажет кітабын осы жерден табатынын түсіндірді. Оқушыларға кітапхананың оқырмандар игілігі үшін ұйымдастырылып жатқан жұмыс түрлерімен, сонымен қатар жаңадан түскен әдебиеттермен, ай сайын түсетін мерзімді басылымдармен, жаңадан шығарылған “Әлем таныған Қазақстан”, “Рухани қазына – халық игілігі, ұрпаққа ұлағат”, “Кітап арқылы ашылған сырлы әлем”, “Ертегілер әлемінде”, т.б. кітап көрмелерімен кеңінен таныстырылды. Кітапхана оқушыларға ғажайып әсер қалдырды. Сонымен қатар, ертегі, өлең, көркем әдебиеттермен, қызықты және танымдық кітаптармен танысты. Кеш соңында ертегілер оқылып, жұмбақтар жасырылып, өз кезеңінде оқ ушылар да белс енділік танытып, жұмбақтардың шешімін тауып, би билеп тарқасты.
З.МҰСАБАЕВА Аманкелді ауданы

Комментарии