Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ақын тағдыры мен тағылымы

Дата: 13.06.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
94
0
Ақын тағдыры мен тағылымы
Байғабыл ауылдық кітапханасында тарихи тұлға, Алаш қайраткерлерінің сенімді серігі болған ақын, дін қайраткері, қари Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Файзолла ақын: тағдыры мен тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кітап көрмеге ақынның кітаптары мен Файзолла ақын туралы жазған жазушылардың кітаптары қойылды. Файзолла ақын әкесі Сатыбалды ишан болған кісі. Файзолла ақын иман отбасында туып-өсіп тәрбиеленді. 1883 жылы 27қыркүйекте Торғай уезі, Батпаққара мекенінде дүниеге келген. Он жеті жасында құранды жатқа білгендіктен, құранқари атанды. Туған елінде әкесінің жолын қуып, мешіт ұстап, елді имандылыққа шақырды. Алаш арыстарымен араласты. Соларға төнген қарабұлт Файзолла ақынды да айналып өтпеді. Көп қиыншылық көріп елден қуылып 14жылға сотталып, Ресейдің қиыр шетінде жазасын өтеді. Қанша ауыр күндер өткеріп жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, халқымыздың тарихынан сыр толғап, көптеген поэмалар, өлең-жырлар жазды. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!