Балаларға базарлық
Дата: 10.07.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
651
0
Тәрбиелеушілік маңызында, балаға өз еңбегінің пайда келтіретінін, еңбектен ләззат алуды, оның қажеттілігін үйрету керек. Еңбек ету барысында баланың бойында ерекше қасиеттер қалыптасады, белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну, өз көзқарасын қорғау. Көп қырлы еңбек ету барысында бала шынығады, ақыл-ойы дамиды, іскерлік, дағдылар қалыптасады. Бүгінгі балаларға сол жайында сөз қозғап отырмыз. Кіші жастан еңбекке аралассаң жемісің өскенде көресің дегенге құлақ салайық. «Еңбек етпеген ішіп - жемейді», «Еңбек түбі береке» деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты кіші жастан үйренуіміз керек. Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-да балалар эфир арқылы белгілі ақын, шебер Серікбай Оспановпен кездесті. Ақын балаларға қол өнері жайында әңгімелеп берді. Адамның рухани байлығы жайында да сөз қозғап, балаларды еңбек етуге, рухани бай болуға шақырды.
Комментарии