Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Сөз құдіретінің» жеңімпазы

Дата: 16.05.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
141
0
«Сөз құдіретінің» жеңімпазы
Кітап – өмір ұстазы, сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Осы орайда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында X облыстық «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Негізгі мақсаты – оқушылардың мәдени құзыреттіліктерін жақсарту. Қазақ әдебиеті мен шет ел әдебиетін салыстыра келе, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Жоғары эстетикалық талғамдарын қалыптастыру және көркем шығарманы қабылдауға, одан әсер алуға, көркем әдебиетті бүкіл бітім болмысымен түсіне білуге үйрету. Қазіргі қоғамда кітап материалдың және рухани мәдениетті дамытудың, дүниені танудың және көптеген ғасырлық тарих бойына адамзат жасаған рухани байлықтарды таратудың қуатты құралы. Бұл байқау он жыл бойы көркем әдебиет әуесқойларын біріктіріп, әлі де өз жалғасын таба бермек. Конкурсқа 21 оқушы қатысып, барлық оқушылар назардан тыс қалған жоқ. Мақтау қағаздары, сыйлықтар және өз қарсыластары мен әділқазылар алқасының алдында үлкен тәжірибеге ие болды. Әдеби сайыстың қорытындысы бойынша облыстық № 2 әмбебап-ғылыми кітапханасы атынан А.Байтұрсынов атындағы гимназияның 7 «Ә» сынып оқушысы Әбжан Нурикамал қатысып. Айгиз Баймұратовтың «Көше балалары» шығармасындағы Данил бейнесін сомдап, актерлік шеберлігін көрсетіп жүлделі III орынға ие болып жеңімпаз атанды.

Айзат ДАУЛЕНҚЫЗЫ, №2 ОӘҒК балалар әдебиеті бөлімінің қызметкері

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!