Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұстаз бен шәкірттің жеңісі

Дата: 15.11.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
188
0
Ұстаз бен шәкірттің жеңісі
Петропавл қаласында «Алтын күз – 2022» республикалық балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылық байқауы өтті. Байқау аспапта ойнау, вокал, хореография, актерлік шеберлік, көркем сөз сынды алты номинация бойынша болды. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының және көршілес мемлекеттердің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, ұстаздары мен мәдениет қайраткерлері болды. Байқауда Бейімбет Майлин аудандық балалар өнер мектебінің оқытушысы Айбек Балтабаев пен шәкірті Темірлан Бақытжанов қатысты. Қатысушыларымыз «Аспаптық орындау» номинациясында өнер көрсетті, кәсіби қазылар алқасына екі конкурстық нөмірді ұсынды: «Соло. Домбыра» және «Ұстаз-Шәкірт» дуэті. Байқ ау қорытын дыс ы бойынша Темірлан Бақытжанов 1-дәрежелі лауреат атанып, «Ұстаз бен шәкірт» дуэтінің тамаша орындауы мектепке Бас жүлдені әкелді. Темірлан мен Айбек Базарбайұлын жоғары марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық жеңістер тілейміз! 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!