Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кішкентай оқырмандар

Дата: 15.11.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
205
0
Кішкентай оқырмандар
Кітап атадан ұрпаққа өсиет болып келе жатқан асыл мұра. Кітап баланың ойын өсіреді, зерек болып өсуге септігін тигізеді, шығармашылық ой-қабілетін дамытуға алға жетелейді. «Білім кілті кітапхана» демекші, Кітапхана өмірімен таныстырып, бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеп, білімқұмарлық, ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында №7 Қостанай қалалық балабақшасының «Айналайын» ересектер тобы болашақ оқырмандар ретінде кітапханаға саяхатқа келді. К і т а п х а н а ш ы б ү л д і р ш і н д е р д і қарсы алып, алдымен кітапханаға ата-анасының көмегімен тіркеліп, кітап – журналдар алуға болатынын, өздерін қалай ұстау керек екендігі және кітапхана ережесімен таныстырды. Кітапханашы сөредегі түрлі кітаптар мен балалар журналдарын парақтап, ертегі, әңгіме оқып берді. Балаларға жұмбақтар жасырып, сұрақтар қойды. Бүлдіршіндер викториналық сұрақтарға белсенді жауап берді. Кітаптарды аса қызығушылықпен қараған балалар, «Веселый колобок» журналының «Бояп ал» бөліміндегі суреттерді бояды. Шара барысында «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесінде бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар мен тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптарды ұсынып, соңында суретке түсті.

Айнұр СЕЙДАХМЕТОВА, Қостанай қалалық «Дорожный» кітапхана-филиалы кітапханашысы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!