Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өресі биік өр тұлға

Дата: 11.10.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
308
0
Өресі биік өр тұлға
«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының оқушылары үшін көрнекті қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке арналған «Өресі биік өр тұлға» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға тарих пәнінің оқытушысы Бірмағамбет Қойшыбайұлы қатысты. Кітапханашылар қатысушыларды батырдың өмірбаянымен таныстырып, «Ұлы дала ұлағаты» атты бейнеролик көрсетті. Іс-шараның қонағы атақты қолбасшының ел үшін жасаған ерліктеріне, марапаттарына тоқталып, жас өрендердің сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар Қ. Салықовтың «Сағадат – ер жігіттің ақ сұңқары», «Батыр» өлеңдерін оқыды. Іс-шара соңына қарай «Сағадат Нұрмағамбетов – даңқты қолбасшы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, жеткіншектер сөрелерге қойылған кітаптармен, газетжурналдардың материалдарымен танысты.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!