Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сырбайдың сырлы әлемі

Дата: 11.10.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
193
0
Сырбайдың сырлы әлемі
Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Сырбай Мәуленов Қостанай облысының Жангелдин ауданында 1922 жылы дүниеге келген. Биыл ақынның 100 жылдық мерейтойы Республикамыздың барлық өңірлерінде тойлануда. Ақынның туған күніне орай Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен С. Мәуленовтың 100 жыл толуына орай облыстың оқыту қазақ тіліндегі мектептердің 9-11 сынып оқушылары үшін «Сырбайдың сырлы әлемі» атты әдеби кеш өткізілді. Облыстық қазақ тілі мен әдебиетінің әдіскері Ташетова Жанар Хамитқызы кеш ережелерімен таныстырып өтті. Әд е б и к е ш к е Қ о с т а н а й, Р уд н ы й қалалары, Қостанай аудан мектептері, «Айсары жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Ы. А лтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» КММ, «Білім-инновация» лицей-интернат КММ, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты» КММоқушылары қатысты. Әдеби кешке қ атысқ ан оқ ушылар ө з д е р і н і ң үл к е н д а й ы н д ы қ т а р ы н байқатты. Кешке филология ғылымдарының кандидаты, Өмірзақ Сұлтанғазин атын д а ғ ы Қ о с танай мемлекет тік педагогикалық университетінің профессоры, ақынмен 30 жылдай бірге жүріп тәлім-тәрбие алған Серікбай Оспанов ақын ағамыз жайында ой бөлісіп, ақынның ерекше қасиеттеріне тоқталып, естеліктерін айтты. Астана қаласы С. Мәуленоватындағы мектепгимназиясының мұғалімдері онлайн түрінде мектеп мұражайына шолу жасады. Алматы қаласынан Сырбай ағаның ұлы Қасым Мауленов әкесі жайында онлайн арқылы біраз мағлұматтар беріп, ой бөлісті. Оқушылар еркін сұрақтар қойып, ақын жайында біраз мәліметтер ала білді. Соңында кешке қатысқан оқушыларға Алғыс хат пен Сырбай ағаның кітаптары сыйға тартылып, оқушылар мен оқушыларды дайындаған ұстаздарға алғыс білдірілді.

Панияз НҰРЖАН
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айсары жалпы білім беретін мектебі Қостанай ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!