Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Киелі жерлерге тағзым

Дата: 07.09.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
228
0
Киелі жерлерге тағзым
Ағымдағы жылдың балалар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда Арқалық қалалық білім бөлімінің тапсырысы бойынша қалалық “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бір топ арқалықтық бүлдіршіндер Аманкелді ауданына келді. Олар аудандағы тарихи және қасиетті орындарға саяхат жасады. Алдымен А.Иманов атындағы музейге атбасын бұрып, ол жерде орналасқан көне жәдігерлермен танысты. Музейдің қызметкері Дана Намазбайқызы оқушыларға толыққанды ақпарат беріп, ауданның тарихымен таныстырды. Мұражайдан кейін белгілі саяхатшы, жерлесіміз Сапар Ысқақтың салып жатқан көпфукционалды туристік кешеніне шолу жасалды. Балаларға әрбір құрылыстың салыну мақсаты, оның қоғамға тигізер пайдасы баяндалды. Өң ірден шыққан жиһангездің ел үшін жасаған істері де сөз етілді. Аудандағы киелі орындардың тарихымен танысқан оқушыларда ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жаудырып, елдеріне ерекше көңіл-күймен қайтты.

Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Аманкелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!