Талантты балғындар
Дата: 16.08.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
258
0
Өткен оқу жылының соңғы күндері Дакучай жалпы білім беретін мектебі талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізді. Сол байқауға 2-сынып оқушылары Елдос Мергенбай мен Аяулым Мирамханды топтық жұмыс ретінде қатыстырдым. Жоба тақырыбы: «Қарапайым лавр жапырағының адам өміріне пайдасы». Аталған жұмыс арқылы лавр жапырағын зерттей отырып, адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін анықтау және насихаттау көзделді. Оқушыларымның дарындылығының, ыждағаттылықтарының арқасында, үлкен ізденіс пен жауапкершілікті алға тарта отырып дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Соның нәтижесінде өздерінің алға қойған мақсаттарына толық жете отырып жүлделі бірінші орынға ие болып, сыныбымыздың мақтаныштары атанды. Алдағы оқу жылында зерттеуімізді әрі қарай жалғастыра отырып облыстық зерттеуге жолдама алдық. Ендігі мақсатымыз – сыныптас достарымыздың үмітін ақтай отырып осы байқауда одан да жоғары деңгейде бағымызды сынауға тырысамыз. Жас жеткіншектердің арасынан ерекше қабілетті балалар таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу – аталған мәселелердің бір шешімі табылады. Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет, бала бойындағы алғырлық пен зеректік.
Рагүл ТОҚАЕВА,
Дәмді ЖББМ бастауыш сыныптар мұғалімі
Науырзым ауданы
Рагүл ТОҚАЕВА,
Дәмді ЖББМ бастауыш сыныптар мұғалімі
Науырзым ауданы
Комментарии