Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жаз қызығы

Дата: 16.08.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
231
0
Жаз қызығы
Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің демалуларына, шығармашылық белсенділігін арттыру, туған өлкені тану мақсатында Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс істеуде. Жазғы сауықтыру алаңында балалармен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ, спорттық, ұлттық, танымдық ойындар, алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салтдәстүрге байланысты сын-байқаулар, ұлттық дәстүрлер мерекесі, өнер байқаулары, сурет көрмесі, саяхаттар, концерттік бағдарламалар, т.б. ісшаралар өткізілуде. Мектеп жанындағы алаңдарға баратын бастауыш сынып оқушылары үшін 11 үйірме мен қызығушылықтары бойынша секциялар ұйымдастырылды. Биыл мектептердегі театр қозғалысын дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Ұсыныстарға сәйкес біз осы жазғы маусымда «Қуыршақ театры» үйірмесінің жұмысын бастадық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында өлкені тану айтлылғандай «Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетану білімін арттыру және мектеп туризмін дамыту, тарихи-археологиялық қозғалыс, туған өлкенің тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін тереңдетіп зерделеу жобаларын іске асыру шеңберінде), «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және ұқыпты қарау), жазғы кезеңде «География әлемінде», «Өлкетану», «Жас эколог», «Жас турист» сияқты жазғы алаңдар жоспарланды. «Мың ЖАСА» еріктілер бағытының аясында мектебімізде оқу жылының басынан «Алтын жүрек» атты еріктілер тобы жұмыс істейді. «Алтын жүрек» еріктілер тобымен бірлесе жазғы а лаң дарда көптеген іс - шара лар өткізілуде. Айта кетсек, КВН, «Би әлемі», «Ұлттық ойындар» және т.б балалардың қызығушылығын ояту мақс атында әрт үрлі іс - шара лар өткізілуде. Балаларға «Балдәурен» жазғы алаңы тек жақсы естеліктерге толы болуы үшін біз барлық жағдайды жасап отырмыз. Сондықтан балалар осы жазды қызықты өткізуде деген үміттеміз.

Карина БЕШИМОВА, №10 ЖББМ аға тәлімгері,
Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!